Қырым үстімен ұшқаны үшін Украина қазақстандық әуекомпанияға айыппұл салды

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Украина Қырым үстімен ұшқаны үшін бірінші айыптарды өндірді. Қазақстандық әуекомпания алты мың доллар шамасында төледі", - деді Украина Қарулы күштері басқару баспасөз орталығының өкілдері.

Агенттік мәліметінше, "Euro-Asia Air авиакомпаниясы" акционерлік қоғамын жауапкершілікке тарту нәтижесінде алынған ақшалай қаражат туралы сөз болып отыр. Содан кейін Украина мемлекеттік қызметі айыппұл салу туралы қаулы шығарған.

"Қазақстандық әуе жолдары өз кінәсін мойындап, осы қаражатты өз еркімен төледі. Сондықтан Украинаның мемлекеттік бюджеті 136 мың гривенге (5,9 мың долларға жуық) толықты", - деп жазды баспасөз қызметінің өклідері Facebook парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated