«Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасы жүзеге асуда

«Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды оңалту және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасын жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметке қосу жүйесін қалыптастыру және дамыту. Сотталған адамдарды әлеуметтік қоғамға қайтаруға дайындау, жазасын өтеп жатқан және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесу. Әлеуметтік қызмет көрсету органдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалтудың нысандары мен әдістерін жетілдіру.

Бүгінде жоба аясында қылмыстық жазасын өтеген кемінде 500 жастарға құқықтық және психологиялық консультациялар өтті. Жобаның нысаналы тобы үшін тұрғын үй алу мәселелері бойынша кемінде 500 консультация берілді. Қылмыстық жазасын өтеген кемінде 500 жастардың бейімделуіне мен әлеуметтенуіне қолдау көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated