Украина Радасының төрағасы: Ресей бізге ядролық соққы жасауы мүмкін

Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Руслан Стефанчук Ресей Федерациясының Украинаға болжамды ядролық соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді. Парламент спикері 21 желтоқсанда Ивано-Франковск облысында өткен «Дипломатия 30. Күшті мемлекет стратегиясы» атты конференцияда сөйлеген сөзінде бұл туралы өз болжамын айтты.

Стефанчуктың айтуынша, Украина өзінің ядролық қаруын қауіпсіздік пен аумақтық тұтастық кепілдігіне айырбастаған Будапешт меморандумы енді жұмыс істемейді.

Рада төрағасы Ресей «оны бұзуды жалғастыруда» деп мәлімдеді, ал басқа қол қойған елдер оған қарсы санкциялар қолдану мүмкіндігін ғана талқылап жатыр. Сөйтіп, меморандум аясындағы Батыстың кепілдіктері «бос сөз» болып шықты.

«1991 жылы Украина ядролық әлеуеті жағынан әлемде үшінші орында болды. Біз одан өз еркімізбен бас тарттық және ядролық қарусыз мемлекет болдық, ал бүгін еске салайын, мұндай қарусызданудың кепілі болған Ресей Федерациясы, егер біз демократиялық дамуымызды жалғастырсақ, ол тіпті ядролық соққы беруі мүмкін екенін меңзеп отыр. Біз ядролық қауіпке қарсы іс жүзінде қорғансыз қалдық», - деп күйінді Стефанчук.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated