Сауд Арабиясы бейбіт тұрғындарды қырып салды

Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Йемендік «Ансар Алла» (хуситтер) қозғалысына қарсы күрестегі табыстары туралы хабарлады. Бұл туралы бүгін, 22 желтоқсанда араб жаңалықтары хабарлады.

Коалиция Йеменнің Әл-Джуф және Мариб провинцияларында 280-нен астам хусит күштерін жойғанын мәлімдеді. Сондай-ақ соңғы 24 сағат ішінде хуситтер 25 жауынгерлік техника мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жоғалтты. Халықты қорғау үшін коалиция Йеменнің батыс жағалауында 4 операция өткізіп, нәтижесінде 30-дан астам хусит жойылған. Алайда құқық қорғау ұйымдары саудиттер бейбіт тұрғындар мен балаларды қырып жатқанын айтады. Сад Арабиясының шабуылдары салдарынан миллионнан астам адам аштыққа ұшыраған.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменге жаппай бомбалау рейдтері соңғы екі аптады  күшейді.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated