Қ.Тоқаев Ердоғанның шақыртуымен Түркияға іс-сапармен барды

 781 қаралым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуы бойынша  Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді, – деп хабарлайды Aqnews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған