Теолог студенттерге "Ақынның асыл мұрасы" конкурсы басталды

Теолог студенттерге «Ақынның асыл мұрасы» конкурсы басталды

22 қыркүйек пен 18 қазан күндерінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қолдауымен, «Жастар Үні» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ұлттық таным» жобасы аясында, дінтанушы тәлімгерлерге қазақ халқының рухани құндылықтарын қазақ ағартушыларының (Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин және т.б.) шығармаларын дәріптеу мақсатында – «Ақынның асыл мұрасы» атты классик ақындардың шығармаларын жатқа оқу және мағынасын жеткізу конкурсы өтеді.

Конкурсқа Әбу Ханифа медресе колледжі мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері қатысады.      Конкурс Ережесі бойынша, 1-3 минутқа дейінгі барлық конкурс бейнебаян жұмыстары 13 қазанға дейін жолданылып іріктеледі. 18 қазанда конкурс жүлдегерлері мен  номинация жеңімпаздары арнайы Марапаттау рәсімінде бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурсқа қатысушы жұмыстарды Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хәкім Абай» Ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары мен ақындары бағалайды. Конкурсқа қатысу талаптары бекітілген конкурс Ережесін, өз оқу орнының жауапты өкілдерінен немесе jastar.uni инстаграммы мен Жастар Үні фейсбук парақшасынан аласыздар.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Жастар Үні» РҚҚ, үйлестірушілер - Асет 8747 774 7098, Рустам 8701 232 7884

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated