Таразда базар отқа оранды

Тараз қаласында базар отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Мәмбет батыр көшесінің бойында орналасқан "Омар ата" базарының аумағында қоймалар өртенді. Тілсіз жау 350 шаршы метрге шарпыды. Сағат 10.05-те өрт оқшауланды.
Өртті сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, барлығы 40 адам және 13 техника қатысты. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated