Талдықорғанда жол апатынан екі адам көз жұмып, төртеуі жарақат алды

Spread the love

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 12 қыркүйекте Қаратал ауданында Toyota Carina мен Audi 80 соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған маңында Toyota мен Audi көлігі соқтығысып, алты адам зардап шекті. Оның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Telegram-каналда жол апатының кадрлары жарияланды. Пост авторы апаттың Талдықорған-Үштөбе жолының 41-ші шақырымында болғанын айтады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 12 қыркүйекте Қаратал ауданында Toyota Carina мен Audi 80 соқтығысқан.

"Бетпе-бет соқтығысу салдарынан екі көліктің де жүргізушілері көз жұмды. Сонымен қатар Toyota Carina көлігіндегі төрт адам түрлі жарақатпен Үштөбе ауруханасы жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының себебі анықталуда.

Источник - sputnik.kz

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated