Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім: салауаттылық - өмір негізі, денсаулық кепілі.
  2. Негізгі бөлім: 1. өз денсаулығымызға көніл бөлу;
  3.                        2.салауатты өмір салтының негізгі мақсаты.
  4. Қорытынды бөлім:  жастардың салауаттылықты қолдауы.

Салауаттылық - саулық кепілі,

Ал саулық  - байлық негізі.

Менің ең бірінші айтқым келгені: әрбір адам өзі үшін де, қоғам үшін де салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Оны қай жағынан алып қарасаң да әкелетін пайдасы өте көп.

Кез келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты болады. Ал біздің болашақтағы бағытымыз - салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, балалар ес білгелі бері, өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. «Денсаулық - зор байлық» деп бекер айтылмаған. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Бұл өмірде адам мәңгілік емес. Сол үшін де, берілген ғұмырыңды дұрыс пайдалана білуің керек. Денсаулығымызға көңіл бөліп, сақтанып жүруіміз маңыздырақ.

Ең бірінші байлық - денсаулық. Белгілі бір ауруға шалдығып, деніміз сау болмаса, шалқып тасыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Ақша мен байлыққа кұмартып, өз денсаулығына мән беріп қарамай жатқан адамдар да бар. Міне, сол үшін де, барлығын ақылмен шешкен дұрыс. Өз денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз керек. Шынына келсек, адамға денсаулығынан асқан қымбат нәрсе жоқ. Денің сау болса, өз тіршілігіңді жасап жүре бересің. Өміріміз-өз қолымызда. Естуімше, біздің бақытымыздың оннан тоғыз пайызы денсаулығымызға байланысты. Денсаулық - адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Шәкірт денсаулығы оның оқу үлгеріміне, мінез құлқына тікелей байланысты болады. Мектепте алғашқы минуттар гимнастика жаттығуларымен басталса,  ал басқа кездерде ерте тұрып таза ауада жүгіріп, арнайы жаттығулар жасасақ өзімізге пайдалы. Түрлі спорттық ойындарға қатысудың да артықшылығы жоқ. Солай жасасақ, денемізді шынықтырып шығатын едік. Бәріміз салауатты өмір салтын ұстануды дұрыс деп санаймыз. Осы айтылған сөздерге қосылып, денсаулықтың бірінші орында екенін түсінеміз. Бірақ, ол айтылған жерде қалып кояды. Оның алдын алуға тырыспаймыз. Кейін, белгілі бір дертке шалдықсақ, соның бәрін ойлап өкінеміз. Абай атамыз да, «Тәннен жан артық» деп дұрыс айтқан. Сол себепті, денсаулығымызды ешнәрсемен теңестіруге болмайды. «Дені саудың-жаны сау»-дегендей, біз күні- түні деніміздің саулығын тілеп отырамыз. Тіпті үкімет те адамдардың денсаулығының мықты болуына қамқорлық жасап отырады. Мен өзім «денсаулық» дегенді - адам жаны мен тәнінің амандығы деп түсінемін. Әр адам денінің сау болуын қалайды. Себебі: кез-келген жұмысты жақсы атқару үшін, денсаулығыңның мықты болуы маңызды. Мен өз денсаулығымды ең қымбат дүние ретінде айтар едім. Егер 12 мүшеміз сау болса, еш жаман ауруға шалдықпай өмір сүрсек, өзіміз де, қасымыздағы жақын адамдарымыз да бақытты болар еді. Ұлы Абай атамыздың «бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын ұстанып, сондай-ақ ата-бабаларымыздың денсаулық жайлы ойларының қағидасын түсіне білу керек. Содан, біз өз-өзімізді дұрыс жолға салып, түзете аламыз. Ата-бабамыздың салауатты өмір салтын ұстанудағы ережелерін ой елегінен асықпай өткізіп, дұрыс орындап, аурудың алдын алсақ, бір өлімнен аман қалар едік. Себебі: ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани адамгершілік тұрғысынан ізгі қасиеттерге тәрбиелеу ісін алғашқы орынға қойған. Денсаулықтың қадірін біл, науқастанбастан бұрын! Адам сау кезінде денсаулығына көңіл бөлмей, тек сырқаттанған кезде назар салады. Көп жағдайда, ауруханаға сырқатымызды асқындырып алғанда барып жатамыз. «Десаулықтың қадірін ауырғанда білерсің»,-деп бекер айтылмаған. Сол үшін, сырқаттанбай тұрып, денсаулығымызға көңіл бөліп, белгілі бір уақыт сайын тексеріліп тұрғанның артықшылығы болмайды.

Қазақ-ақын әрі шешен халық. Сөздік қоры өте бай. Бір ауыз сөзбен жылағанды жұбатқан. Халық  арасында мақал-мәтел көп қолданылған. Әрбір сөзін мақал-мәтелдермен жеткізе білген. «Денсаулық», «салауатты өмірсалтына» байланысты небір даналық нақыл сөздері де бар. Айта кетсек:

1). Сау төрде,ауру көрде;

2). Жарлының байлығы- денінің саулығы;

3). Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті;

4). Денсаулық-ғанибет, сырқаулығы болмаса;

5). Салауаттылық саулық кепілі, ал саулық байлық негізі.

Тағы да басқа неше түрлі мақал-мәтелдер бізге белгілі. Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасы тереңде жатыр. Әр адам өзін-өзі сыйлап, өз денсаулығына жиі көңіл бөлсе-бұл табиғаттың берген ең үлкен жемісі  деп білер едім. Табиғаттың берген сыйын тұла бойымызға таратып, денсаулығымыздың жақсы қалыптасуына қарап, атсалысу біздің міндетіміз.

Салауатты өмір салты дегенді әркім әртүрлі түсініп жатады. Ал, мен «салауатты өмір салты-денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану», - деп санаймын. Қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстану туралы көп айтылуда. Көп жерде осы тақырып жөнінде әңгіме қозғалады. Бұл адам өмірі мен денсаулығының жақсаруына үлесін тигізеді. Салауаттанудың негізгі мақсаты-әрбір жеке адамның және қоғамның денсаулығын тұтастай қамтамасыз ету. Салауатты өмір сүру салтының жоғары  немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Сондай-ақ, адамның психикасына тығыз байланысты. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары бар. Олар:

-жеке және қоғамдық гигиена;

-организмді шынықтыру;

-дұрыс, уақытылы, толыққанды тамақтану;

-күн тәртібін тиімді пайдалану;

-зиянды әдеттерден аулақ болу;

-жұқпа ауруларының алдын алу;

-жарақаттың алдын алу;

-күйзелісті болдырмау;

-экологияның денсаулыққа әсері.

Негізі айта берсек, шынында да көп. Денің сау болсын десең, осы ережелерді ұстан. Дегенмен, салауатты өмір сүруді қалыптастырудың негізгі шарты - организмді шынықтыру. Шынығудың арқасында организм жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады, әртүрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Сондай-ақ, денсаулықты сақтауға - уақытымен дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып тамақтануға болмайды. Тамақты шектен тыс жеуге, ұйықтар алдында тамақтанбаған дұрыс. Тағам сапалы әрі таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтану керек. Салауатты өмір салтын сақтау үшін, жұқпалы аурулардың алдын алу керек. Жеке гигиена ережелерін орындау керек. Жұқпалардан қорғану тәсілін біліп, аурудың алдын алу екпелерін уақытымен қабылдаған дұрыс деп санаймын. Салауаттылықты сақтаудың тағы бір жолы - зиянды әдеттерден мүлдем алшақ болу. Мысалы: темекі шегуден, ішімдіктер мен есірткіден сақтану керек. Ондай заттардан бас тартқан дұрыс. Бұл зиянды заттармен қолданатын неше түрлі адамдар бар. Ондай адамның организмі дұрыс болмайды. Денсаулығына үлкен қауіп келтіреді.

Салауатты өмір салты - күн сайын спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу. Міне, мұның барлығы салауатты өмір салтын сақтауды қамтамасыз етеді. Спортпен айналысқан адам, басқа адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Сонымен қатар, таза ауада серуендеп жүрудің өзі-ағза үшін өте пайдалы. Негізінен кез-келген адам аман-сау жүруді қалайды. Өміріміз өз қолымызда болғандықтан, денсаулықты күту де, күтпеу де өзімізге байланысты. Табиғаттың берген құндылығын бойымызға дарыту - барлығы өзіміз үшін. Өзіміздің болашағымыз үшін. Салауатты өмір салтын сақтау-осы айтылған сөздермен бағалы, құнды. Аристотель : «Жанды дене қозғалмаса өледі»,- деген екен. Осы тұжырым, біз үшін өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Сонымен қатар, Шопенгауердің : «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты», - деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Мен бұл қанатты сөзбен толықтай келісемін. Себебі: сенің дәрежең басқа адамдардың қасында қанша жоғары болса да, белгілі бір айықпас дертке шалдықсаң, өзіңе қиын болады. Өмірден түңіліп кетесің. «Ауру қадірін сау білмес» ,- дейді. Сенің төсек тартып қиналып жатқаның ешкімге керек емес. Өз денсаулығың - өзіңе ғана керек. Ал, кәдімгі қарапайым өмір сүріп, ауыр жұмыс жасап жүрген бірақ, дені сау адам болса оның өмірі бақытқа толы болмақ. Қанша дегенмен, денсаулығын күтетін адамның артықшылығы көп болады. Ол өзіне қиянат жасамау керек екенін біледі. Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз. Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ дегендей, өкінішке орай қымбат байлығымызға кері әсерін тигізетін басқа да зиянды нәрселер бар. Қазіргі таңда, зауыттардың түтіні адам ағзасын тұтшықтыруда. «Семей полигоны» аталған аймақта бүгінгі күнге дейін ауру балалар дуниеге келуде. «Дос жаран ауырып қалғанда, елемей селсоқ жүрерсің, әлекке ауру салғанда қадірін жанның білерсің», - демекші сол балалардың жағдайы өте ауыр. Оларға көмек қолын созатын адам керек. Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты ғой! Салауатты өмір салтын сақтаған адам мен нашақор адамның айырмашылығы жер мен көктей. Мен нашақор адамды - өмірінен күдер үзген, болашағы жоқ адам деп ойлаймын. Олар өмірдің қызығын көрудің орнына, өз-өзінің болашағына балта шабады. Бірақ, ойланып қарасақ, осының барлығын адам өз қолымен жасайды. Нашақор адамдар, қоғамның дамуына кері әсерін тигізуде. Сол үшін ішімдіктің  орнына ағарған ішіп, темекі тартудың орнына таза ауада жүрсек, өміріміз жақсы жағына қарай өзгер еді. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны ұстап, Алланың ризашылығына бөленсек, дүниеде бұған тең келетін ешнәрсе болмас еді.

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы» тармағында: әр азаматтың өз өмірінің соңына дейін жақсы болуы үшін салауаттылықты сақтау керектігі көрсетілген. Сол үшін, біз салауатты өмір салтын сақтайтын тәрбиелі тұлға болып өсуіміз керек. Өкінішке орай, көптеген адамдар өз  денсаулығына немқұрайлы қарайды. Тіпті, денсаулығы өзіне емес, дәрігерге керек сияқты болады. Ақ халатты абзал жандар халық денсаулығы үшін бәріне дайын. Олар қанша ескертіп, жаман әдеттерден арылтуды көздесе де, тыңдамайды. Бәрін керісінше істейді. Бұл дұрыс емес. Негізінен, дәрігерлердің берген әрбір кеңесін дұрыс жағынан қабылдауымыз керек. Жасы үлкен адамдардың осы тақырып жөнінде айтатындарының бәрі де шындық. Олар тек бізді дұрыс жолға салғысы келеді. Жалпы қазақ елін- «салауатты өмір сүрудің символы» деп есептеуге болады. Өмір тәжірибесін жинақтаған, көпті кқрген адамдар, «баланы жастан» тәрбиелеу керек дейді. Қанша дегенмен, халықтың арасында сырқаттанушылық деігейі арта түсуде. Әсіресе балалар мен жастардың денсаулығы. Жастайынан темекі тартып, есірткіге құмарлылық кобеюде. Алкоголь мен басқа да маскүнемдікке әкелетін заттар да бар. Бұндай жағдайлар жоғары сынып оқушыларында кездесетін бірден-бір жағдай.Себебі: маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі.Жасөспірім өмірінде көптеген маңызды өзгерістер орын алады. Бұндай кезде жаңа көзқарас пайда болады. Мінез-құлқымыз өзгеріп жатады. Сондақтан, жасөспірім балалардың ешкімді тыңдамай, өз еркімен кетуіне әкеліп соқтырады. Бірақ, үйінде жақсы тәрбие алатын, кішкентайынан ненің дұрыс, ненің бұрыс екнін түсініп өскен бала, жаман жолға түсуден сақтанады. Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ұстанудың ең оңай жолы - спорт пен өнерге деген ынтасын ашу. Жаңа айтып өткендей, спортпен шұғылданған адам жаман болмайды, керісінше көп көмегін тигізеді. Бұлшық етті көбейтеді, шыдамдылығы артады. Шыныққан  ағза вирустармен жақсы күреседі. Адамның ептілігі жоғарылайды. Не болса да, қозғалыс – адам өмірінде маңызды орын алады. Спортпен айналысқан адам еш өкінбейді. Себебі: спорт - салауатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы. Көп адамдар бос уақыттарын фильм көрумен, телефон қараумен өткізеді.Баланың психикасы жақсы дамыса да, суық тиіп жиі ауыратын болса, мектепке барып оқуы да қиынға соғады. Одан тыныс алу жүйесінің аурулары болуы мүмкін. Балалардың иммунитеті төмендеп, дәрумен жетіспеушілігі болады. Ол үшін бала дәруменге толы, пайдалы тағам жеуі керек. Баланың қайда барса да еститіні айқай, ескету болса, үнемі ұрыс естіп қобалжу үстінде жүрсе - бұның өзі үлкен күйзеліс. Бастауыш сыныптың оқушылары, партада ұзақ уақыт қозғалмай отыра алмайды. Арқа мен мойын еттері шаршайды. Олардың ағзалары бұл жаста қозғалысты қажет етеді. Бұл дерттің емі - тағы да спорт. Міне, осы кезде спорттың адам өмірінде маңызды орын алатынын көруге болады. Бірақ, мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлауына мектеп кінәлі емес. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту -  ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту - оңай, ал  қалпына   келтіру - қиын.

Егемен еліміздің болашағы - жастар. Өмірге адам болып келген соң, адам болып өту - міндетіміз.  Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан! Мен салауатты өмір салтын қолдаймын.

Қорытынды ой: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, өз денсаулықтықтарына жауапкершілікпен қарауға қалыптастыру керек.

Қанша байлық күтіп тұрса алдыңда,

Кенелсең де бақыт толы шаттыққа.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Салауатты өмір салтын бағала!-

деп өз сөзімді аяқтағым келеді.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated