Әшірбай Жансая Шахмарданқызы

Адам-ерекше жаратылыс. Барлық жер шартында сөйлеуге мүмкіндігі бар жалғыз тіршілік иесі. Нәресте болып дүниеге келген шақта ең бірінші байлық "денсаулық" әр адамға берілген асыл дүние. Сонымен бірге адам баласы өмір есігін ашқан күннен бастап жан-жағына керемет көзқараспен қарап, өмірге деген қызығушылығы ашылып, табиғатқа көрік беретін бір тұлға болып қалыптасады. Аллам адам баласына он екі мүшесін сау етіп жаратқан және сол адам денсаулығын сақтап, күту, салауатты өмір салтын ұстану әр жеке адамның міндеті. Себебі дамыған өркениетті мемлекетімізді дені сау адамдар ғана құрады. Еліміздің болашағы біздің қолымызда болғандықтан, келешек ұрпағымыздың денсаулығы бізге  байланысты. Әр бір тұлғаның денсаулығы бірінші байлығы деп айтсақта болады. Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық, сонымен бірге экологиялық мәселелер, елдің,  яғни өсіп жетіліп келе жатқан ұрпағымыздың денсаулығына кері әсер етуде.

Осыған байланысты тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі- "Мемлекетіміз азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатты" тармағында және кезекті Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айырықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Қазірде егемендік алған еліміз осыған байланысты мектептерде, білім беретін ұйымдарда салауатты өмір салтын ұстанатын болашақ дені сау ұрпақ тәрбиелеу талап етілген.

Еліміздің әрбір тұлғаның денсаулығы-мемлекет болашағының негізгі болса, оның қалыпты, жақсы болуы әр адамның өмір сүру салтына байланысты десекте болады.

Салауатты өмір салты-адамның күнделікті қалыптастырған дағдысы мен әдеті бойынша еңбек етуі, бос уақытын тиімді пайдалануы, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп, қоғамдық игі істерге белсене қатысуын жатқызуға болады. Салауатты өмір салтын ұстайтын адамдар күнделікті тамақтануға, дене тәрбиесіне, күнделікті серуендеуге, көп жаяу жүруге, спорттық жарыстарға қатысуға көп мән береді. Әсіресе дене тәрбиесі бірінші орында тұрған, қимыл-қозғалыстың түрі етіп қарастыруға болады. Дене тәрбиесінің басты міндеттері жастардың, әр бір қоғам мүшелерінің салауатты өмірге деген қызығушылығын арттыру. Оның маңыздылығы жыл санап артуда. Қоғамның кез-келген мүшесінің денсаулығы мықты тұлға етіп өсіп-жетілуі керек.

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі болғандықтан, елбасы жастардың болашағына зор үмітпен қарайды. Яғни дені сау, білімді, жан-жақты саналы дамып жетілген жастарды көргісі келеді. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың дені сау болса, биік белестерге қол жеткізіп, халқына қызмет ететіні белгілі. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын жетілдіру туралы елбасының жолдауын, егемендігіміздің бетке ұстар азаматтарының болашағына апаратын алтын сүрлеу болары даусыз.

Салауатты өмір салтын құрайтын тағы бір бөлігі-тамақтану. Ол адам ағызасында қажеттілікті талап ететін құбылыс десекте болады. Біздің деніміздің саулығы қалай тамақтануымызға байланысты. Әр адам үнемі қозғалыста болғандықтан көп күш-қуат жұмсайды, сол себепті оны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білуі тиіс. Тамақ ішу кезінде әр түрлі өнімдерді пайдалану маңызды. Оның құрамында дәрумендер көп кездессе ағзаның күшті болуына көмектеседі. Адам жаратылысында тазалықты сақтау, жақсы қасиеттерді, адамгершілік құндылықтарды бойына дарытуға тырысады. Бірақ жақсы мен жаманды ажырата білген адам ғана өзінің өмірлік мұратына жете алады. Әйтсекте кейбір жандар жаман қасиетке бой ұсынып, есірткі, шылым, ішімдікке әуестеніп, еліміздің жарқын болашағына, қоғамымызға және ең бастысы өз денсаулығына зиян келтіруде. Адам өміріне қауіп төндіретін улы заттар: темекі, ішімдік, есірткі. Бұл аталмыш зиянды заттардың бәрі медицина дәлелдеген жазылуы күрделі созылмалы ауруларға әсер етеді. Ішімдік, темекі және есірткі еліміздің болашағына қауіп төндіруде. Оның қажеттілігі-денсаулықты нашарлатып, адамды азғырады. Сол себепті салауатты өмір салтының басты міндеті-темекі, ішімдік, есірткі секілді дүниелерден арылу десекте қателеспейміз. Сонымен қатар салауатты өмір салты жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу маңызды болып табылады. Белсенді қимылдау, дұрыс ұйықтау көптеген аурулардың алдын алатынын даусыз. Күнделікті жүйелі ұйымдастырылған күн тәртібі адамның жоғары деңгейде жұмыс істеп, тұлғаның қалыпты дамуы мен денсаулығының дұрыс болуын қамтамасыз етеді. Адамның ақыл-ойының шаршауының алдын-алу үшін күн тәртібін сақтау маңызды. Күнде серуендеуге, дем алуға уақыт міндетті түрде бөліну керек. Ұйқы мен дем алуды шектеп күнде жұмысқа мәжбүрлеудің аяғы денсаулықа зиян келтіреді. Белсенді уақыт өткізгеннен соң міндетті түрде демалыс қажет, өте тиімді демалыс-ұйқы. Егер адамның бір жарым сағат ұйқысы жиі қанбаса бұл жүрек қан-тамыр жүйесі қызметін нашарлатады, шаршау мен қажуды дамытып, ағзаның ауруға қарсы тұру, жұмыс істеу қабілетін дамытады.

"Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды" - дегендей, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады,оны қайта қалпына келтіру өте қиын. Денсаулықтың қадірін халқымыз ауырғанда-ақ білетіні бәрімізге мәлім. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы- салауатты өмір салты. Бір қуанатыны жылдан жылға спортпен шұғылданатын адамдардың санының артуы-спорттық жеткен жетістігі. Туған жеріміздің тұрғындарының денсаулығын спорттық шаралар арқылы жақсартудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар келешек ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халықына қызмет етері анық.

Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай, "Салауатты өмір салтынсыз, қимыл-қозғалыссыз, және спортсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл-өмірдің ащы шындығы орташа өмір жасымыз еуропадағыдай болғанын қалсақ, онда денсаулығымыз туралы ойлауға тиіспіз. Әр қазақстандық үшін басты құндылық-денсаулық".

Қорыта келе, біз өз ұрпақтарымыздың дені сау болсын десек, ұзақ өмір сүргенін қолдап, болашақтарын ойласақ, салауатты өмір салтын ұстананып,спортпен шұғылдануымыз керек. Себебі болашақ бүгіннен басталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated