Әмірханова Кәмшат Абайқызы

Түнде ұйықтамадық,
Күндіз отырамадық.
Сеңдердей сапырылыстық,
Сары аяздай сақырладық.
Қазақтың біртуар хандары мен қолбасшылары халқының аты құмға сіңген судай құрымасын деп асып тұрған айбыны шөптей жұлынбасын деп тырысты.Талай -талай дүлейлі қақтығыстардан өтіп,қазақтың жерін де,елін де ,асыл қасиеттерінде аманаттап қалдырды.Енді біз бұл аманатқа лайықты түрде жауап қатуымыз тиіс.Қалайша? Осы тұста Н.Ә.Әбішұлының"Халық денсаулығы- ел дамуының аса маңызды тұтқасы,болашағымыздың кепілі" деп айтқанын еске түсіре отырып,зерделер болсам, ел ертеңі үшін ұлт денсаулығының алар орны ерекше. Халық даналығының да"Бірінші байлық-денсаулық " деуі де тегін емес.Ал енді "денсаулық " дегеніміз не? "Ден" деген сөздің өзі "жалпы,көбі,барлығы "дегенді білдіреді.Мысалы :осы отырған аудиторияның дені қыздар дейтін болсақ, түпкі мәні "барлығы" дегенді білдіреді.

Жат қылықтардан аулақ болу,күнделікті дұрыс тамақтану мен дене жаттығуларын жасау - денсаулықтың басты құраушы факторы.Бұлардың барлығын біріктірсе, салауатты өмір салты ұғымына саяды.Салауатты сөзінің негізгі мағынасы- парасатты, байыпты,ақылды, зерделі де сабырлы күші мығым деген ұғымды білдіреді. Ал, өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалыптасқан өмір тіршілігі. Өткенге көз жүгіртсек қазақ халқы, о бастан-ақ салауатты өмір салтын ұстанған. Халқымыздың күнделікті тұрмыс - тіршілігі мен әдет-ғұрыпынан салауаттылығы,имандылықты,тазалықты аңғаруға болады.Ата-бабамыз көшіп-қонып жүріп-ақ,бесікке баласын бөлеп, бес уақыт намазын да үзбеген. Бұның өзі жеке бас гигиенасын сақтаудың бір жолы.Ал, қазір білім,техника дамыған заманда аурудың да түрлері көп."Түйенің жүгі жеңіл болса,жатаған келеді" деп халық мәтелінде айтылғандай, көп адамдар көлікке мініп, аз қозғалуға, тез дайын болатын тамақтарға әуестеніп кетті яғни дене қозғалысының аздығы мен дұрыс тамақтанбау салдарынан семіздікке шалдығып, түрлі аурулардың туындауына жол беруде.Бұл өзекті мәселе ,содан шетсіз,шексіз қияға өрлеп кете береді.

Бір кездері мақтаныш көріп,қазақтың кең жазира ,дархан даласына салынған сан түрлі зауыттарың түтіні адам ағзасына тұншықтыруда.Әлі күнге дейін ойласаң денеңді тітіркендіріп жіберердей "Семей полигоныны" маңайындағы елді-мекендерден кеміс балалар дүниеге келуде.Ертегілердегі айдаһардың үш басындай кейіпіндегі ішімдік,темекі және есірткі - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері болып отыр.

Ашық аспанымызға қара бұлттай төнген заман кеселдерінен арылу мен арылту-көзі ашық,көкірегі оқу әрбір ұлт тағдырын ойлайтын азаматтың міндеті. Міне, сол себепті де -жаңа ғасыр табалдырығын аттаған болашақтың тағдыры -оның денсаулығына.Ұлы Абай атамыздың " Бес нәрсеге ғашық бол,бес нәрседен қашық бол" деген сөзі осы денсаулыққа қатысты қағиданың ақ пен шарасын айыптауға салтын сынды.

Сонымен қатар, денені шынықтыру да тұлғаны жан-жақты дамытатын, денсаулығын үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы іспетті.Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты қозғалуын, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке баулуда басты жетекші рөл атқарады.Бұған қоса, дене қозғалысының аздығы яғни салауатты өмір салтын сақтамағандықтан келешек егемен елдің кілтін ұстар жастардың шамамен алғанда 85 пайызында жүрек,өкпе жалпы ішкі ағза мүшелерінің ауруы,сонымен бірге, есту,көру қабілеттерінің төмендігі,жүйке жүйесінің ауру салдарынан оқуда нашар үлгерім жағдайларына әкеліп,даяққаене қозғалысының аздығы аяққа күрмеу болып отыр.

Енді біз бұл қиындықтардан  ғаламды қалай құтқарамыз? Көне замандағы ғұлама ғалым Аристотель " Жанды дене қозғалмаса өледі" деген тұжырымдамасы салауатты өмір салтын сақтаудың негізгі ілімі болуға тиіс.Қай кезде де халқымыз жастар тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді қалыптастырудың жолдарымен амалдары сан тарау.Осыған байланысты Елбасы өз жолдауында " Бүгіндені сау ұрпақ тәрбиелесең, ертең соның жемісін көресің " дегені бар.

Сонымен қатар,менің ойымша, қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы шымыр, сергек болып, сол турасында салауатты өмір салтын сақтауы шарт.Зиянды әдеттерден аулақ болуға жас буынды тәрбиелеп, өз денсаулығына өзі жауапты екенін сезіндіріп,ұғындыра білгеніміз  абзал.Ал, жастарға ұғындырудың басты жолы - салауаттылықты насихаттау шараларын қатыстыру.

Еліміз үшін насихат жұмыстары ұлт саулығының басты бағыттарының бірі болып отыр.Бұл бағытта атқарылған жұмыстар өз жемісін де беруде.Мәселен, жас өрендердің санасында қалыптасқан " Спорт-денсаулық кепілі " ұғымы арқылы салауаттылықты сақтаудан кәсіби спортқа ұласып түрлі додаларда, осы салауаттылықты насихаттаудың бір ұшты әсерінен халқымыз қандай спорт түрі болмасын, көзге түсіп сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінді.

Салауатты өмір салтын сақтау көп тармақты қамтиды.Адам денсаулығын жақсартып,спортқа баулып,дұрыс тамақтануға үйретеді.Тіпті, бұл жайында Елбасымыз өз жолдауында салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігін айтып «Салауатты өмір салтын басты мұрат етуіміз шарт» деген болатын.

Салауатты өмір салтын әрбір қазақстандық сақтап,оған терең үңіліп айшықтай білуі керек.Күнделікті таңертең ерте оянып жаттығу жасап,дұрыс тамақтанып,бос уақытын спортқа арнау керек.Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы.Әрбір адам мемлекет болғандықтан салауатты өмір салтын сақтау арқылы ұлтымыздың бүтіндігіне әкелмек.Өйткені өркениет жолындағы елдің ертеңі- халқымыздың саулығына байланысты.Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де әл-ахуалы мықты болары сөзсіз.Жаны сұлу, дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпағымызға тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілттін қолдан тайдырмай еліміздің "Денсаулық "атты құнды қазынасын мықтап ұстауы шарт.Себебі, адамға денсаулықтан қымбат ешнәрсе жоқ.

Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың аманатты ұрпағы, "Ойы дауыл,сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан" жалынды жігеріміз,айбынды айбатымыз, қажымас қайратымыз, бастысы - салауатты өмір салтын ұстауға көшу үдерісіндегі ынтамыз бар.Ендеше, ұлт қамын ойлаған біздей өскелең ұрпақтан туған,елін,жерін денсаулығының қадірін білер жастар шығары анық.Ал, денсаулығын қадірлеп, салауатты өмір салтын ұстай білген жастары бар елдің ертеңі айқын, болашағы жарқын, келешегі кемел де қадірлі болатындығына сенімім мол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated