Муталипова Алина Қайратқызы

"Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде", - деп еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін айтады. Бүгінгі күнде салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар кемде кем. Меніңше оның ең басты сеебі жалқаулық. Қазақтың түбіне жалқаулық жетеді дегенді бір жерден оқығаным бар. Расымен көп адам жұмысқа шын беріліп, құлшыныспен жасамайды. Мемлекеттік жұмыстың өзін алып қарайықшы. Оның өзін амалсыздан, мұқтаждықтан жасап жатады. Ал елге,халыққа шынымен беріліп адал қызмет жасап жатқан бірде бір адам жоқ. Ал жұмыс істеу денсаулықпен тығыз байланысты. Адам үнемі қозғалыста болып отырса денесінің бәрі қимылдап,бұлшықеттер жұмыс істей бастайды. Ал мұқтаждықпен жасалған жұмыс адам бойына барлық жаман энергияны жинап береді.

Менің пайымдауымша өмірдегі барлық нәрсе адамның денсаулығымен байланысты. Соның ең маңыздысының бірі тамақ. Ауру – астан. Күн сайын пайдасыз тамақтар туралы теледидардан да, ұялы телефоннан да , кітаптан да оқып жүрміз. Бәрін біле тұра өзімізге зиян келтіреміз. Өз нәпсімізге бөгет бола алмаймыз. Әрине,бұл дұрыс емес.

Денсаулық сақтаудың  ең басты шарты – спорт. Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен айналыссаң өмірің ұзарады. Қартайған шағыңда ауру,сырқау азайып, ширақ боласың. Теледидардан бірнеше рет көрсетті. Зейнет жасындағы кісілер спортпен айналысып, өз денсаулықтарына күтім жасайды. Олар өз саулығна әрекет жасайды. Қазіргі жастардың өзі спортпен айналысқысы келмейді. Жоғарыда айтылғандай басты себеп – жалқаулық. Өзім қатар жастар сипаты: таңда ұйқыдан тұруға ерінеді, жұмыс істеуге, еңбектенуге ерінеді. Бос уақыты бола қалса ұялы телефон шұқылауға құмар-ақ.

Салауатты өмір салты дегенімізге көп нәрсе жатады. Мысалы, ең бірінші жеке бас тазалығы, екінші денсаулық сақтау, өзіңе әрқашан күтім жасау,үшінші  дұрыс тамақтана білу, төртінші спортпен айналысу, бесіншіден ішімдік, арзан-құрзан заттарға елікпеу және басқалардыі да саулығы үшін кеңес айтып, жаман әдеттерден аулақ ету. Бұл заңдармен жүру үшін адамды кішкене кезінен тәрбиелеу,дағдыландыру қажет, сонда ғана әдетке айналады.

Бұрынғының батырларымен қазіргінің жігіттерін салыстырып көрелік. Бұрынғылар ірі денелі, ширақ болған. Бүгінгі жігіттер ауыр жұмысқа бейімделмеген. Бұл не үшін? Бізді ата  -бабаларымыз заманында кішкентай кезінен қиындыққа үйренген,мал баққан, отын жарған, аң аулаған,тағы да басқа. Әр түрлі ойын түрлерін ойнаған:асық,күрес.  Осындай іс әрекеттердің арқасында батыр,төзімді болған деп ойлаймын. Бүгінгінің батырлары, әрине көпке топырақ шашпаймын, қиындыққа бойлары үйренбеген. Қиын жұмыс бәрінің үйінде бар емес білемін, дегенмен де жігіттердің ең құрығанда спортпен айналысқанын талап етер едім.

Міне, өмірдегі қарапайым нәрсенің өзі денсаулықпен тығыз байланысты. «Еңбектен асқан ем жоқ»,- деп бекер айтылмаған.  Сондықтан әр адамзат баласы өміріне, әр күніне немқұрайлы қарамағаны абзал. Ауруды асқындырп алып, өкінгенмен пайда жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated