«Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығы табысталады

Spread the love

17 желтоқсан, 2019 жыл Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау кешін өткізеді.

«Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығы - еліміздің мәдени кеңістігін біріктіріп қана қоймай, мемлекетіміздің көп ұлтты театр өнерінің дамуына тірек болатын көркемдік-эстетикалық және рухани құндылықтарды насихаттап, бүгінгі театр өнері үрдісіндегі жаңашылдық пен сахналық ізденістерді көпшілікке дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттер мен елдік сезімдерді арттыруға жол ашып, республикалық және аймақтық театрлардың шығармашылық келбетін сақтау мен дамытудағы ролін айқындап, дамытуға мүмкіндік туғызады.

Премия-фестиваль аясында биылғы «Жастар жылы» шеңберінде мемлекетіміздегі дарынды жас артистерді қолдауға ерекше назар аударылатын болады.

Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегерлерін тауып, лауреаттардың шығармашылық жетістіктері республикалық деңгейде марапатталады. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айырықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар.

«Сахнагер-2019» ұлттық сыйлығы - 2018-2019 жылдардағы театр маусымының қорытындысы бойынша басты номинация «Сахнагер» сыйлығы мен арнайы кубогы 18 үздік маманға беріледі. Сонымен қатар, «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясы бойынша 4 сахна шебері, «Сахналық ғұмыр» номинациясы бойынша шығармашылық еңбек өтілі елу жылдан кем емес 2 өнер ардагері, сондай-ақ сахнада үздік өнерімен жарқырап көрінген талантты 30 жас маманға «Үміт» сыйлығы табыс етіледі.

Шара 2019 жылдың 17-желтоқсаны күні, сағат 17.00- де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театрының ғимаратында өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

8 707 955 76 26, 8 702 319 18 08

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated