СҚО-да арзан баспана аламын дегендер қаржы пирамидасына кіріп кетті

Салымшыларға қатысты ақпарат мен келісімшарттар да табылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды

Sputnik.хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды. Оны ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативі ретінде халықтан ақша жинаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, тұрғын-үй кооперативін ашқандар адамның табысына қарамай, баспана алып беруге уәде еткен. WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, "Шаңырақ+" бағдарламасы аясындағы ипотеканың баламасын ұсынған.

"Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар жіберіп, артынан жаңа салымшыларды тарту қажет болған", - дейді агенттік мамандары.
Компания филиалдарына жасалған тінту кезінде баспа өнімдері, буклеттер мен брошюралар тәркіленді.

Салымшыларға қатысты ақпарат мен келісімшарттар да табылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы компанияға алданған азаматтарға +7 (7172) 708-478 шұңыл нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Дереккөз  - sputnik.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated