Сәкен Бибосынов Италиядағы турнирде қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. Қазақстан құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға Сәкен Бибосынов шықты, – деп хабарлайды Aqnews.kz

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 1 /32 финалда Гонконгтан келген Там Чунь Хинь Каннетпен кездесті. Тартысты жекпе-жек қазақ боксшысының техникалық нокаутымен аяқталды.

Төреші үш рет есеп ашып, үшіншісінде рефери кездесуді тоқтатты.

Сәкен Бибосынов енді кениялық Каранджа Давид Мачариамен жұдырықтасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated