Нұрәлі Әлиев Лас-Вегаста жүргенін жария етті

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, олигарх Нұрәлі Әлиев АҚШ-тағы концерттен фото жариялады, деп хабарлайды Aqnews.kz

Алматы, NEGE. Әлиев әлеуметтік желілерде U2 рок-тобының концертіндегі кадрлармен бөлісті. Іс-шара Лас-Вегаста, "Сфера" павильонында өткен. Назарбаевтың немересі өзінің Instagram желісінде концерттен бірден 3 видео жариялады.

Нұрәлі Әлиев жыл сайын Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингіне енеді. Өткен жылы іскерлік журнал оның байлығын 249 000 000 долларға бағалады. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы.

Осы жылдың қаңтар айында Алматыда жер сілкінісі орын алған еді. Осы кезде тұрғындарға апаттық жағдайды ескертпеген компания Нұрәлі Әлиевтіңсына тиесілі екені белгілі болды. TNS-INTEC компаниясы өз кезегінде Darmen Holding компаниясына тиесілі, холдингтің соңғы иесі Нұрәлі Әлиев болып табылады.

2022 жылы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін орнатуға TNS-INTEC-пен келісімшартқа қол қойып, оған 1,1 млрд теңге жұмсағаны белгілі болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated