Ерлан Тұрғымбаев Үкімет кулуарында әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді.
"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлығыңыз білесіздер, онда өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды. Кейбір жағдайға байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды, соның аясында барлығы тексеріледі", – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.
Айта кетейік, Superstar.kz байқауының жұлдызы Жанар Хамитова күні кеше сағат таңғы 9:00 шамасында өзінің туған жері Қарқаралыда көз жұмғаны белгілі болды.