Министр Жанар Хамитованың өліміне қатысты іске пікір білдірді Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" дерегі бойынша іс қозғалды. 

Фото: musicprime.kz

 90 қаралым

Ерлан Тұрғымбаев Үкімет кулуарында әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

«Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлығыңыз білесіздер, онда өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды. Кейбір жағдайға байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды, соның аясында барлығы тексеріледі», – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетейік, Superstar.kz байқауының жұлдызы Жанар Хамитова күні кеше сағат таңғы 9:00 шамасында өзінің туған жері Қарқаралыда көз жұмғаны белгілі болды.

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған