Прокат уақыты аяқталды – Аида Балаева «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі туралы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокаты жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Aqnews.kz

«Барлық кинопрокат ұйымдарының өз кестесі бар. Біз мұндай сұраныс болады деп ойламадық және белгілі бір уақыт аралығын таңдадық. Көрермендер тарапынан осы фильмге қызығушылық артқан соң, прокатты тағы бір аптаға ұзарттық. Қазір прокат уақыты аяқталды. Өз көрерменін күтіп отырған басқа да фильмдер бар. Сондықтан бұл жерде еш мәселе жоқ деп ойлаймын», - деді Аида Балаева Үкіметте өткен брифингіде.

Өз жауабында министр бұл картинаның ұлттық арнада үш рет көрсетілгенін еске салды.

«Сол кезде халық асқан қызығушылық танытпап еді. Енді бұл фильм көпшілікке қолжетімді және ұлттық арнаның YouTube арнасынан сериалын көруге болады. Мен мұнда ешқандай проблема көріп отырған жоқпын», - деді Аида Балаева.

Еске салсақ, аталған «Міржақып. Оян, қазақ!» атты минисериалдың қысқартылған нұсқасы 21 қыркүйектен бастап қалың жұртшылыққа жол тартты.

Кейінірек кино прокаты тағы бір аптаға созылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated