Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 21 қазанында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Президент Жолдауы: Күрделі мәселелер мен жүйелі шешімдер» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған Жолдауды талқылау, жүйелі жоспар бағытында жұмыстану, үш тұғырлы тіл саясатының ауқымын кеңейту, әлеуметтік мәселелерге жіті назар аудару болды.

Жиынға аймақтанушы Мақсат Жақау, саясаттанушы Асхат Қасенғали, журналист Нұргелді Әбдіғани, әлеуметтанушы Рустам Сағадиев пен Медет Құралов және қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алғашқы сөз саясаттанушы Асхат Қасенғалиға берілді. Ол өз сөзінде жас ұрпақтың болашағын терең біліммен, ізденіспен, дамумен ұштастыруы бәсекеге қабілетті маман атанудың бағдары екендігіне ерекше тоқталып, білімді ұрпақ – ел болашағы, сапалы білім – болашақтың кілті екенін айтып өтті. Ал әлеуметтанушы Медет Құралов: «Президентіміздің  жаңа Жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы үлкен ұмтылыстарын көрсетеді. Аталған жолдауда экономикамыздың өрлеуіне ықпал ететін әр сектор жеке-жеке көрсетіліп, оларды ары қарай жетілдіру мен дамытудың нақты мақсаттары атап айтылған. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, адам капиталы, сіз бен біздің салауатты өмір сүруіміз, бәрі-бәрі қамтылған. Жолдауда нысанға алынған әр мәселенің маңызы зор», - деп ойымен бөлісті.

Сонымен өатар, дөңгелек үстелге қатысушылар елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдады және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Ал жиын соңында «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің директоры Әсет Базарбай алға қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауда әрбір қатысушының өзіндік үлесі бар екенін айтып, дөңгелек үстелге қатысқан барлық қатысушыларға мазмұнды да сындарлы кездесу үшін алғыс білдірді!

Ақбота Ерболқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated