Президент Жолдауы ел тағдыры үшін маңызды

Spread the love

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін айтты.
Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын

айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті.
Сондай-ақ, ел президенті өз жолдауының түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітті. Бұдан қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетінін ұғуға болады. Ендеше сала мамандарының Президент Жолдауына қатысты білдірген пікірнамасын назарларыңызға ұсынамыз.

ЕРКЕБҰЛАН ТОҚТАСЫНОВ. Бокстан спорт шеберлігінен үміткер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өскелең ұрпақтың шығармашылық және спорттық әлеуетіне, сондай-ақ балалар үйірмелерінің қызметін қайта бастау

және спорт секцияларын ашуға баса назар аудару қажеттілігі туралы айтып өткен болатын. Осы айтлыған тапсырманы орындау мақсатында 2020 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер мен оның шеңберінде балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі енгізілген болатын. Сондай-ақ, спорт саласындағы негізгі басымдық — бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Бүгінгі күні дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындарды қамту 5,9 млн

адамды немесе ел халқының жалпы санының 31,6%-ын құрайды. 2025 жылы спортпен айналысатын азаматтардың үлесін 45%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Меніңше, бұл өте жақсы көрсеткіш.

АЙГҮЛ БОТАБЕКОВА, №94 МЕКТЕП-Гимназиясының директоры:
Жас буынға білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар менің жаныма жақын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел президенті өз жолдауындағы бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті. Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескере, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының

қашықтықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды. Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін тілге тиек етті. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс

жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды. Сонымен қатар Президентіміз жылдағы жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды. Өзім де ұстаз ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендіре түседі дегім келеді. Мен еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып, еңбек ету біздің басты парызымыз санаймын.

ДИАНА ЕРЛАНКЫЗЫ
, Республикалық балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Әлемді жайлаған пандемия
елді есеңгіретіп тұрған уақытта Қазақстан халқын нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдауда барлық сала толықтай қамтылды. Президент еліміздегі демографиялық жағдай алаңдатып отырғанын ерекше атап өтті. Соның ішіндегі «Аңсаған сәби» жобасы бала сүйе алмиай отырған отбасыларға шын қуаныш сыйлары анық.

АЙДАНА СОВЕТОВА, ПСИХОЛОГ:
Мемлекет басшысы Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады. Бұл сала Жолдаудың негізгі объектілерінің бірі. Бұл ретте, арнайы бағдарлама қабылданып, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нақты да нəтижелі орындалса нұр үстіне нұр. Мемлекет басшысының еліміздегі демографиялық ахуалды дамытуға көңіл бөлгені құптарлық іс, халық санын көбейту, балалардың

мүддесін жəне денсаулығын сақтау қажет, саналы да, сауатты, салауатты ұрпақ - жарқын болашақ кепілі. Президент Жолдауында əлеуметтік-экономикалық жəне отбасылық қатынастар саласындағы мəселелер жауапты мемлекеттік органдар мен жауапты лауазымды тұлғалар жұмысының тиімділігімен бағаланады деп көрсетті. Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдемін.

НҰРЛАН ӘБЕСОВ, МАТЕМАТИК, КОУЧ:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы

көбейеді – деп жалынды жастарға тағы үлкен серпін берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты деп айта аламын. Сонымен қатар, Жолдау жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды деп ойлаймын.

АЙГҮЛ ТАЖИЕВА, «№17 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА» ШЖҚ-дағы МКК бас дәрігері:
Әлемді әлекке салған пандемия - мемлекет, қоғам, адамзат, тіршілік жайлы ойларды сапырылыстырып жіберді. Басты құндылықты бағамдау қиын болды. Ел есеңгіреп тұрғанда Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдай отырып дер кезінде айтылған мемлекеттік ой, пікір,

ұсыныстарға сусындадық. Ең бастысы Президентіміз алда мемлекет, қоғам, әрбір Қазақстандық не істеуі керектігі туралы, басты мәселелер жайлы анық тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы пандемия мемлекет үшін сынақ кезеңі болғаны жайлы сөз қозғап, еліміздегі ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектін, әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды. Себебі пандемия уақытында алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен ақ халатты абзал жандар екені баршамызға белгілі.

ЕРЖАН ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ, «BAQ BEREKET» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры:
Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін

меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар, өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.
Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің

жүйелі тарқалатынын жеткізді. Қ.К.Тоқаев: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», деді.
Ендеше, ел тұрғындары Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет. Әсіресе, жеті экономиалық негізге сүйеніп, сенімді әрекет еткеніміз абзал.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated