Президент қызмет барысында қаза тапқандарды наградтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингі кезінде қаза тапқан полиция, ҰҚК, Шекара академиясы және Ұлттық ұлан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Президент Жарлығының мәтінінде былай делінген:

"Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін:

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Әділбай Дастан Әділбайұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы;

Барғанаев Дархан Ермекұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ Алматы облысы ПД жедел арнайы жасағының инспекторы;

Жақалбаев Жандос Мұхтарұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК Шекара академиясының аға офицері;

Қабдинов Андрей Вячеславович (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК Шекара академиясы кафедрасының бастығы;

Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ Жамбыл облысы Тараз қаласы ПБ 1-ші полиция бөлімінің учаскелік инспекторы марапатталады.

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Адылкан Жайык Угулканович (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК Шекара академиясы бөлімшесінің командирі;

Алмасова Нұрболсын Ғаниұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ Алматы қаласы ПД полицей-жүргізушісі;

Аманов Айбат Ерболұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ ҰҰ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;

Асылханов Ален Мұхитұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ Алматы қаласы ІІД Алмалы аудандық ПБ полицей-жүргізушісі;

Битим Мейрхан Ержанұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК Шекара академиясының курсанты;

Ержанов Ербол Тілеубекұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы;

Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК Шекара академиясының курсанты;

Камбетов Ринат Талғатұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ Алматы қаласы ІІД Алмалы аудандық ПБ полицей-жүргізушісі;

Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ІІМ ҰҰ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;

Смайылқанова Ғабдолла Ғалымұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ӘБ 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы) марапатталады.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен

Нұркенов Әділ Дулатұлы (қайтыс болғаннан кейін) – ҰҚК кіші жедел уәкілі марапатталады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated