Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүлікшілер екі әскери қызметкердің басын кесіп алғанын айтты.
"Бандиттер полицейлерге, әскерилерге шабуыл жасап, оларды асқан қатыгездікпен ұрып-соққан. Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған", - деді Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев бүлікшілер екі курсанттың басын кесіп алғанын мәлімдеген болатын.
Aqnews.kz