Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады, деп хабарлады Aqnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.