Пойызда күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды таңғалдырды

№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар «Turan» күйін орындап, жолаушыларды таңғалдырды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.

Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated