"Оскар" жүлдесіне кімдер үміткер?

Фото: sova.ponominalu.ru

"Оскар" жүлдесінен үміткер актерлердің тізімі жарияланды. РИА Новости басылымның мәліметінше, бұл тізімде Леонардо Ди Каприо, Мэттью Райс, Роберт Паттинсон мен Джонатан Прайс бар.

Sony студиясы Леонардо Ди Каприоны "Однажды... в Голливуде" фильмінде үздік ер адам рөлі үшін үміткер ретінде ұсынса, Брэд Питты екінші пландағы актер жүлдесіне ұсынып отыр. Бұдан бөлек, студия "Оскар" жүлдесіне Мэттью Райс пен Том Хэнксты ұсынды.

Айта кетсек, 2018 жылдың 8 тамыз күні "Оскар" жүлдесін табыстау кезіндегі ережелерге өзгеріс енгізілген болатын. Яғни бұдан бұлай "Оскар" жүлдесін табыстау рәсімінің ұзақтығы 3 сағаттан артық болмайды. Себебі уақыттың ұзақтығы көрермендердің санын азайтып, жалықтырып жібереді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated