Нұр-Сұлтандағы Ресей университетінің филиалына 13 мың шаршы метрлік ғимарат беріледі

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (ММУ) филиалына Нұр-Сұлтанда ауданы 13 мың шаршы метрге жуық ғимарат беріледі. Бұл туралы Кaztag.kzке сілтеме жасап Aqnews.kz хабарлайды. 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев пен мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жоғары оқу орнының мерейтойына арналған құттықтау жеделхаттарын оқыды",-делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Мерейтойлық іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылында ММУ Қазақстандық филиалының мерейтойын мерекелеуді символдық деп атады.

"Біздің мемлекетіміздің астанасында ММУ-дың алғашқы шетелдік филиалының ашылуы Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз достық, бауырластық байланыстардың жарқын айғағы болды. Осы оқиғаның арқасында Қазақстан мен Ресейдің көпжылдық дәстүрі бар ғылыми және білім беру байланыстары жаңа серпінге ие болды", - деді Көшербаев.

Ол Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел Үкіметі ММУ филиалына жалпы ауданы 13 мың шаршы метрге жуық жаңа ғимарат беру туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

"Бұл еңбек нарығында сұранысқа ие басым мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді. бүгінгі таңда қазақстандық филиал ММУ-дың жоғары беделін сақтай отырып, еліміздің Білім және ғылымның дамуына елеулі үлес қосуда. 20 жыл ішінде оның қабырғасында алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттар деңгейінде іргелі білімі бар 2 мыңнан астам маман даярланды", - деп қосты Ақордада.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated