«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жастар саясаты - ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Қараша айының соңына қарай тоғыз айға созылған «Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау» жобасы қорытыланды. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы негізінде «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырған болатын. Жобаның негізгі мақсаты жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы жастардың хабардарлығын арттыру болып табылады.«Тоғыз айға созылған жоба аясында жоспарда көрсетілген жоспарлы индикаторлар толыққанды орындалды.Бұл жоба жастарға өзіндік деңгейде ақпараттық тұрғыдан әсер етті деген сенімдеміз», - деді «Алматы қаласы Студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы жобаның қорытынды конференциясында.
Жоба басында жастар арасында арнайы сауалнамалар алынып, жастардың ақпараттық қажеттіліктері құрастырылды. Өңірлердегі жастар басқармаларына хат жолданып, жобаға қолдау көрсетуші белсенді жастар санаты алынды. Жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы жастардың хабардарлығын арттыру туралы 10 бейнематериал дайындалды: «Дипломмен, ауылға!» жобасы бойынша «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында, «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасы бойынша, «Жастар практикасы» жобасы бойынша «Ел болашағы жастардың қолында» тақырыбы бойынша, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша «Жас келсе іске» тақырыбында, «Серпін» жобасы бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!», «Болашақ» бағдарламасы бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша, «Жасыл ел: экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бетбұрыс» тақырыбында, «Жас маман» бағдарламасы және мемлекеттік жастар саясаты бойынша түсірілді. Сондай-ақ «Патриот болу – парыз» тақырыбында жастарды рухани-патриоттық бағытта тәрбиедеуге негізделген бейнесюжеттер топтамасы әзірленіп, әлеуметтік желілерде жарияланды.
Жобаның жұмысын жүйелендіру мақсатында арнайы «Jastar.online» танымдық-ақпараттық сайты құрылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастар көп қолданылатын Telegram және Instagram әлеуметтік желілерінде «Jastar.online» атауымен арнайы парақшалар ашылып, жұмыс жасады. Бұл парақшалар мемлекеттік жастар бағдарламасын жастар арасында кең қолдануға мүмкіндік берді.
Жоба барысында атқарылған іс-шаралар мен алынған нәтижелердің көрсеткіштері бойынша БАҚ өкілдері және ақпараттық порталдармен 11 меморандумға қол қойылды, NEET санатындағы жастарды қолдау мақсатында еліміздің NEET санатындағы жастар санаты басым 8 аймағында жастар көп шоғарланатын орындарда билбордтар ілінді, 2 ақпараттық, вирустық бейнероликтер жарық көрді.
«Жоба аяқталғанымен жастарға арналған сайт және парақшаларымыз бұрынғыша жастарға ақпарат таратуларын жалғастыра беретін болады. Жастарға арналған аталмыш парақшалар сұранысқа ие» - деп қорытындылады жоба ұйымдастырушылары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated