Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындары өңір жастары үшін тегін домбыра үйірмесін ашты

Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындары өңір жастары үшін тегін домбыра үйірмесін ашты. Жоба жетекшісі Есентемір Қуанышбек және команда мүшелері Айзада Ерболқызы мен Малика Алиева  «Zhas Project» Жастар корпусын дамыту жобасынан грант ұтып алып, 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар үшін домбырада ойнауды үйретіп жатыр.

Қазіргі уақытта «Күмбірле қоңыр домбыра» үйірмесіне 60-қа жуық жастар жазылып, домбыра үйреніп жүр екен. Үйірмені ашудағы басты мақсат қазақтың ұлттық аспабы домбыра мәртебесін көтеріп, жастар арасында насихаттау дейді Есентемір.

Есентемір Қуанышбек, «Күмбірле қоңыр домбыра» үйірмесінің жетекшісі:

- Жалпы қатысушылардың нәтижелері жаман емес. Оқушылардың, жастардың домбыра үйренуге деген ынтасы, сабаққа деген қарым-қатынасы өте жақсы. Алдада жақсы нәтижелерге жетеміз деген ойдамыз.

Бану Кенжеғалиқызы, қатысушы:

- Негізі менің бала кезден арманым домбыраға қатысу. Ауылдық жерде өскендіктен бізде мүмкіндік аз. Бірақ осы жаз айында «Күмбірле қоңыр домбыра» үйірмесінің ашылып жатқанын және тегін үйрететінін естіп, мен үйлестірушіге хабарластым. Соның арқасында мен осы үйірмеге қатысуға мүмкіндік алдым. Бүгінде домбыра тартып үйреніп, күйлермен етене танысып жатырмын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated