Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің екінші сабағы 2019 жыл, қыркүйек айының 1-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00 аралығында «Ағылшын тілі» сабағынан басталған дәріс барысында жастар кәсіби ағылшын тілінде даму, конференциялар және біліктілікті арттыру туралы ақпаратпен танысты.

Одан арықарай сабақ сағат 11:30-12:30 аралығында «Компьютерлік сауаттылық» сабағымен жалғасты. Сабақ барысында жастар арнайы видеороликтен ақпарат алып, сұрақ-жауап негізінде пікір алмасты.

12:30 – 13:30 аралығында өткен «Психология» сабағында болашақ мемлекеттік қызметкерлер психологиялық тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлқын қалыптастыру және оны сақтау, заңнамамен бекітілген  шектеулер, тыйым салулар мен талаптар  түріндегі  ережелердің жиынтығы туралы өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated