Spread the love

Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің бесінші сабағы 2019 жыл, қыркүйек айының 8-і күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де «Ағылшын» тілінен сабақ өтті.

Ал сағат 11:30-12:30 аралығында Ұлттық кеңес мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты Андрей Чеботаревпен кездесу болды. Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет: қабілет пен кәсіби деңгейді талап етеді тақырыбында өрбіді.

Арықарай сағат 12:30 – 13:30 аралығында «Компьютерлік сауаттылық» сабағынан дәріс өтсе, сағат 13:30 – 14:30-де сабақ психологиядан болды.

Ал сағат 14:30 – 15:30-да болашақ мемлекеттік қызметкерлер тимбилдингке, яғни Алматы музейі мен сағат 15:30-дан бастап Аlmaty Urban Fest фестиваліне барды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated