Мәдениет – елдің рухани байлығы

Музыка – бүкіл әлем хал­қын байланыстыратын ортақ тіл. Түркі өркениетінің өзіне тән музыкалық дәс­түрі қа­лыптасқан. Оның күш­тілігі сол, бүгіннің өзін­де миллиондаған адам оны тыңдағанда, көңі­лі тол­қып, ерекше әсер алады. Мұ­ның айқын көрінісі – ең көне музыкалық аспап қо­­быз бен домбыраның үні.

Ұлтымыздың руха­ни игілігі ХХ ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға ата-баба­ның мұра етуімен күні бүгінге дейін жетті. Біз осы мыңжылдықтар бойы жібі үзілмеген ұлттық құнды­лық­тарымызды, әсіресе, қазақтың музыкалық мә­дениетін сақ­тауымыз керек. Бұл – біздің ұлт­тық кодымыз. Бойдағы алпыс екі тамыр­дың бас­тауы.

Әлемде саяси ахуал күрде­лене түскенде, «Отан­дастар» форумының жоғары деңгейде өткенін айтпасқа болмайды. Бұл біріншіден, төл мәдени мұраны, рухани сананы жаңғырту жолында атқарылған игі іс болды. Екіншіден, жаһанның түкпір-түкпірінде түрлі салада қызмет еткен қандас­тардың басын қосып, ір­гелі елдік мәселелерді тал­қылауға мүмкіндік жасады.

Шығармашылық адам­ның міндеті – пенденің руханиятын нығайтуға сеп болу. Осы ретте тәжірибем көрсеткендей, жас таланттарды жоғары деңгейде қолдау қажет. Бүгінде бұл ба­ғыт­тағы жұмыстардың жүйелі іске асырылуының ар­­қа­с­ында, әлемдік аренада Қа­зақ­стан сая­си, эконо­микалық тұрғыда ғана емес, кино, музыка сынды салаларда да бел­сен­ділігін арттырды.

 

Байғали СЕРКЕБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «A-Studio» тобының продюсері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated