Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Украинадан экстрадицияланды

Қаржы пирамидасының жетекшісі Украинадан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Aqnews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Украина Бас прокурорының кеңсесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "LIDER" қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген азаматты ұстап беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Ол 2017-2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген хабарламада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated