Лукашенко: Батыс сендерді бізге қарсы қоймақ

Spread the love

АҚШ пен Батыс елдері өздерінің қысым көрсету саясатынан бас тартпайды. Бұл туралы Беларусь басшысы Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары кеңесінде айтты. 

«Олар біздің бауырлас Ресейге де, сіздерге де қысым жасайды. Ол үшін себеп іздейді. Тағы бір себебін тапты, ол босқындар. Ол мәселені біз жасаған емеспіз, оны посткеңестік елдер мына сіздер де жасаған жоқсыздар. Алайда олар бұл мәселені бізге қысым құралы ретінде пайдалануда. Олар қысымды арттырады және біз сіздерге АҚШ пен Батыс тарапынан өкілдер келіп, Беларусьқа қысым жасаңдар деп үгіттеп жатқанын білеміз. Беларусьқа бесінші санкциялар пакеті енгізілді. Тағы алтыншы, жетінші пакеттерін дайындап жатыр дейді. Әлі қанша болары белгісіз. Бұл Беларусьты экономикалық қыспаққа алу, мемлекеттік жүйені де, режимді де өзгертуге тырысу», - дейді ол.

Лукашенко бұл қиындық алдында бірге қарсы тұруға шақырды. Оның ойынша Батыс елдері Ресей мен Беларусьты ғана емес, өзге де экономикалық одақтағы елдерді қысымға алмақ.

Aqnews.kz

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated