Ғалымдар COVID-19-дың 10,4 мың үлгісін зерттеуге алып, оларды топтастыра бастаған ,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зерттеудің бұл әдісі барлық генетикалық мәліметті санап, коронавирустың түрлерін анықтауға бағытталған екен.
Осылайша, америкалық зерттеушілер коронавирустың бірнеше түрі бар екенін анықтап отыр. Олардың айтуынша, АҚШ-та СС256 және CC258 вирустары кеңінен таралса, Еуропада СС70 және CC225 коронавирус түрлері тараған. Ал Оңтүстік Америкада CC300 вирусы тарап жатыр екен.