Оның көбі Қытайда. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады. Жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 2019-nCoV құрбандарының көбі вирус ошағы Хубейде. Қала бойынша қаза тапқандардың саны 162-ге жеткен.  Ал бұған дейін ресми түрде 5974 адамның 132-сі қаза тапқаны хабарланған.  Вирусты Қытайдың барлық қаласының тұрғындары жұқтырған, оның ішінде Тибет те бар.

Қытайлық дәрігерлердің сөзінше, коронавирусты тоғыз мыңға жуық адам жұқтырған.  БАӘ-де коронавирус жұқтыру дерегі анықталды Қытайдың мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян коронавирусқа қатысты жағдай вирусты жұқтырған адам саны көбеюіне байланысты "ауыр әрі қиын" екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізбек. Ұйымның бас директоры шұғыл жиналысты бейсенбі, 30 қаңтарда өткізуді жоспарлаған.

Ұйым вирусқа қатысты мәселе денсаулық сақтау саласында халықаралық алаңдатушылықты оятқандықтан "төтенше жағдай ма, жоқ па" анықтайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated