Комиссия шешімі: 326 жасқа Қытайдың ЖОО-ларында оқу ұсынылды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Aqnews.kz

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, комиссия шешімімен 326 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

"Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай Халық Республикасының тарапынан қабылданады. Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді", делінген хабарламада.
Ұсынылған үміткерлер тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болатыны нақтыланады.

Айта кетсек, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated