Италиядағы лицензиялық турнир: Римма Волосенко екінші кездесуде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирдің екінші айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлады Aqnews.kz

60 келіде сынға түсетін ол турнирдегі екінші жекпе-жегінде венгриялық Петра Сабомен кездескен еді.

Бұл сында қазақстандық боксшы айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді.

Осылайша, Волосенко лицензиялық жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated