Оның айтуынша, бір тәуліктің өзінде вирус жұқтырған адамдардың саны 10 149-ға жеткен, ал қайтыс болғандардың саны 463-тен 631-ге жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, қазіргі уақытта коронавирусқа байланысты Италияда барлық қоғамдық орын жабылды. Спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге де тыйым салынды.

Еске салайық, мұның алдында италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілген еді.

"Ең дұрысы - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", - деген еді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated