Ирандағы әуе апатынан кейін Қазақстандағы бағыттар өзгереді

Бұл туралы Тengrinews.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Air Astana Дубайға ұшатын рейс бағытының өзгергенін хабарлады. Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдады.

Бұл жағдайда ұшу уақыты төмендегідей ұзарады:

  • Алматы - Дубай 20 минутқа;
  • Дубай - Алматы 10 минутқа;
  • Нұр-Сұлтан - Дубай 55 минутқа;
  • Дубай - Нұр-Сұлтан 35 минутқа.

"Жолаушыларды рейстер кестесін airastana.com сайтында немесе брондау және ақпарат орталығының телефондары арқылы тексерулерін сұраймыз", - делінген әуекомпания хабарламасында. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated