Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
«Кешегі қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды ма? Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аты аталып жатыр. Қоғамдық орында кісі өліміне қалай жол берілген?», - деп сұрады журналист.
Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.
«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша мәлімет беріледі»,-деді.
БАҚ өкілдері өлімге жол берген мейрамхана қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы сұрады.
«Қазір осы іспен тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, кейін олар хабарын береді», - деді Сәкен Сәрсенов.