Хаменова үйқамаққа алынды: Кінәсі дәлелденсе қандай жаза берілуі мүмкін?

12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берді. 

Бұл ретте тергеу қамауға алу туралы өтініш берді. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлімі («Аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша қаралуда. Егер Хаменованың кінәсі сотта дәлелденсе, онда ол параның 60 еселенген мөлшерінде айыппұлдан бастап мүлкін тәркілеумен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазалануы мүмкін.

Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясынан депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі болған.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated