Футболдан алматылық «Қайрат» ресейлік «Зенитпен» тең ойнады

Футболдан алматылық «Қайрат» Ресейдің «Зенит» (Санкт-Петербург) командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Aqnews.kz

Бұл ойын Алматы қаласындағы Орталық стадионда ұйымдастырылды.

Кездесу барысында алаң иелері қатарынан Жоао Паоло 8-минутта есеп ашса, 29-минутта ресейлік Александр Ерохин таразы басын теңестірді.

Ал 69-минутта алматылық клубтан қорғаушы Офри Арад «Қайратты» тағы да алға шығарды.Оған 85-минута «Зенит» ойыншысы Густаво Мантуан бір голмен жауап қайырды.

Есеп 2:2,командалар тең ойынға қанағат білдірді.

Екі команда бұған дейін 1991 жылы КСРО біріншілігінде кездесті. Алматы қаласында өткен ойында «Қайрат» 1:0 есебімен басым түскен еді.

«Зенит» Ресей біріншілігінде тоғыз мәрте чемпион атанған. Команда құрамында қазақстандық қорғаушы Нұрәли Әліп ойын көрсетеді.

Еске салсақ, биылғы жылдың шілде айында жолдастық кездесуде «Қайрат» Алматыда «Пахтакордан» жеңіліп қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated