Енді NEET санатына көпбалалы және жалғызбасты аналар да кіреді

 3,838 қаралым

Енді NEET санатына көпбалалы және жалғызбасты аналар да кіреді

              NEET санатындағы жастардың деректер базасы қайта қалыптастырылды

         Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде NEET санатындағы жастардың деректер базасы қайта қалыптастырылды. Ол бойынша аталған санатқа жататындардың 4 тобы бар. Алдымен, жұмыссыз жастар. Яғни оқу орнын бітірген, бірақ жұмыссыз. Осы санатта бас бостандығынан айрылғандар мен мерзімді әскери қызмет өтеп, жұмыссыз жүрген жастар да бар. Екінші топ – еңбекке қабілетті, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар. Үшінші, белсенді емес жастар. Олар алкоголь мен есірткіге тәуелді немесе құмар. Созылмалы аурудан зардап шегіп оңалтудан өтіп жүрген жастар. NEET-тің соңғы санатына үй шаруашылығындағы жастар мен әйелдер, сондай-ақ көпбалалы және жалғыз басты аналар кіріп отыр,- деді Данияр Қадыров ОКҚ-де өткен брифингіде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған