Елордалық депутат емханаларға 100 оттегі концентратын табыстады

Spread the love

Тыныс алу аппараттары қажеттілік танытқан медицина нысандарына таратылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Талғат Қожахметов "BI Group" компаниясымен бірлесіп, "Сарыарқа" ауданында орналасқан медициналық нысандарға және № 6 қалалық емханаға 100 оттегі концентратын табыстады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елдегі эпидемиалогиялық жағдай туралы күнделікті оқып, хабардар болып отырамын. Өкінішке қарай дәрігер емеспін. Дәрігер болсам алдыңғы шепте еңбек етіп, науқастарды емдеуге жәрдем берер едім. Өз қолыммен емдей алмасам да дәрігерлерге басқа жолмен көмек беретін мүмкіндігім болғанына қуанамын", - деді депутат Талғат Қожахметов.
Қазіргі уақытта ауыр науқастардың көбінің өмірі тікелей осы аппаратқа байланысты болып отыр. Тыныс алу аппараттары қажеттілік танытқан медицина нысандарына таратылды.

"Тыныс алу аппараттарында ауыр науқастар тәулік бойы жатады. 35 тәулік жатқан науқастар да болды. Осыған орай қажетті жабдықтарды табыстап жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Бәріміз халықтың жағдайы үшін еңбек етіп жүрміз. Осы еңбегіміздің нәтижесінде науқастар да емделіп шығып жатыр. Дәл қазіргі таңда елдің амандығы маңызды", - деді өз сөзінде ковидтік аурухана ретінде қайта бейімделген ҚР ДСМ "Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" директоры Динара Оразалина.

Айта кетері, коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз, тиімді жолы – вакциналау арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 381 мыңнан астам адам алды, ал 300 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Источник - sputnik.kz

Тегтер:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated