Елордада 4 тонна насыбай тәркіленді

Астанада тұрғындар арасында нашақорлықпен белсенді күрес науқаны аясында 4 тонна насыбай өртелді, деп хабарлады Aqnews.kz

Жастардың арасында түрлі табак өнімдеріне тәуелділік күшейіп келеді. Солардың бірі әрі өте кең таралғаны - насыбайға тәуелділік. Қазір Республика көлемінде нашақорлықпен, есірткіге тәуелділікпен белсенді күрес науқандары жүргізілуде. Нәтижесінде бас қалада 4 тоннадан астам насыбай тәркіленді. Оның 2 тоннадан астамы қаламыздағы жеке секторлық өндіріс орнынан щықты. Іс-шара аясында тәркіленген насыбайлар медициналық қалдықтарды жағуға арналған арнайы машинада өртеліп, қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірілген жоқ.

Жақында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы, жастардың денсаулығына орасан зор зиян келтіріп жатқан вейптер мен насыбай туралы айтқан болатын. Президенттің осы бастамасына сәйкес Республика көлемінде көптеген рейдтік акциялар жүргізілуде. Бүгін біз- Елордадағы белсенді жастардың қатысуымен 4 тонна шегілмейтін темекі өнімін өртедік. Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ Астана қаласы полиция департаментінің қолдауымен өтіп жатыр. Жастарымыз, келешек ұрпақтарымыз түрлі шегімдіктерден, жаман әдеттерден аулақ болып, сау- саламат, ақаусыз өсіп жетілсе және жаман әдеттердің алдын алу іс-шараларына жалпы жастар атсалысса деген мақсатпен осы іс-шараны өткізіп отырмыз. Біз мұнымен ғана тоқтап қалмаймыз, алдағы уақта да ісімізді жүйелі түрде жалғастырып, жастарды есірткіден аулақ болуға шақырып, спортқа баулу жағына күш саламыз,- деді Астана қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Асланбек Мағзұм.

Сонымен қатар, ол насыбай сатушыларға 92 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын, сондай-ақ 18 жасқа толмаған жеткіншектерге вейптерді сатқандар да еселеп айыппұл төлеуге мәжбүр болатьындығын ескертті.

Акцияға «Аманат» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, елордалық волонтерлар мен блогерлер қатысады.

Қалиакбар Үсемханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated