Екі қаланың тұрғындары Vero Cell вакцинасын салдыра алады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға арналған дәрілер тізіліміне енгізді

АЛМАТЫ, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматы емханаларына Қытайдың Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда 10 мың доза вакцина бар
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы 14 тамызда Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының бірінші компоненті 10 000 доза көлемінде жеткізілгенін хабарлады. Осы аптада тағы 35 000 доза қала тұрғындары үшін қолжетімді болады.

"Қазір Vero Cell вакцинасы қалалық емханаларға жеткізілді. Апта ішінде қаладағы барлық емхана Vero Cell вакцинасымен қамтамасыз етіледі. Вакцинаның қай орталықта бар екенін телемедицина орталығының 3000 505, 1312 нөміріне хабарласып білуге болады", - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Елордада қай жерде салдыруға болады
Вакцина бүгін Нұр-Сұлтанға да жеткізілді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, вакцина қала емханаларына, оларға бекітілген сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне бөлінеді.

"Екпелер вакцинация пункттеріне жеткізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Бірінші кезекте вакциналар медициналық ұйымдарға қарасты егу пункттеріне жеткізіледі. Сауда орталықтарының егу пункттеріне вакцина бір тәулік ішінде жеткізіледі", - деді қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қазір елордада ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Vero Cell вакцинасы бар.

Vero Cell вакцинасы
Вакцинаны өндіруші – Бейжің биологиялық өнімдер институты (Beijing Institute of Biological Products Co., Ltd), Sinopharm компаниясы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын биыл 7 мамырда төтенше жағдайда қолдануға арналған дәрілер тізіліміне енгізді.

Vero Cell вакцинасын 18 жасқа толған адамдарға салу ұсынылған. Vero Cell вакцинасының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын салдыру ұсынылады. Екеуінің арасы 3-4 апта немесе 21-28 күн болуы қажет.

10 тамызда Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Бейжіңнен Алматыға жеткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated