Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңажылдық фестивальге қатысты

Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңажылдық фестивальге қатысты

Фестивальге Ұлы Жібек жолы бойындағы елдің өкілі ретінде қатысты ъ

Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңажылдық фестивальге қатысты

Димаш Құдайберген Қытайдың CCTV орталық телеарнасында өткен «Spring gala festival 2023» эфиріне қатысты, деп хабарлады Elorda.info. 

«Көктем гала фестивалі 2023» (Spring gala festival 2023) Қытай жаңа жыл мерекесіне арналған.

Димаш Құдайберген CCTV телеарнасындағы аталмыш фестивальге Ұлы Жібек жолы бойындағы елдің өкілі ретінде қатысқан.

«Гүлдер мен жолдар әні» номерін түрлі елдер әншілері бірлесіп орындады. Номер барысында қазақ, грек, индонезия, сербия, мысыр, пәкістан, жаңазеландия, танзания, аргентина әндерінен үзінді шырқалды.

Попурриді Димаш «Ой, жайлау» халық әнімен түйіндеді. Соңында әртістер қытайдың басты жаңажылдық әні «Жасминен» фрагментті бірге орындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated