Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді

Билеттер сатылымы бүгін басталады

Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастыруда. Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

DimashAli«шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды, - делінген парақшада.

Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталды.

Айта кетейік, Акдениз университетінің көпфункционалды стадионы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Сыйымдылығы – 7100 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated