Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына барады

Батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды.

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, – деп хабарлайды Aqnews.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды.

Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады.

Германияның Котбус қаласында аяқталған әлем кубогінде Мұсабаев финалға өте алмай, 47-орында қалды.

Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі.

Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated